Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ХКҚО жаңа жұмыс кестесі

ХКҚО жаңа жұмыс кестесі

ХҚКО ғимараттарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚР бойынша ХҚКО жұмысының бірыңғай кестесін енгізу туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі, жексенбі күндері демалыс күндері.
Біз клиенттерден шұғыл қажеттіліксіз Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудан бас тартуды сұраймыз. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 645 түрі, соның ішінде ЭЦҚ кілті де электронды түрде қолжетімді. Клиенттер оларды egov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, Telegram (@Kenes1414Bot) месенджеріндегі бот, Facebook және ВКонтакте (жеке хат алмасу) әлеуметтік желілерінің месенджерлері арқылы өз бетінше ала алады.

Еркін Ашықбаев,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
 коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша
филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша
Арал аудандық бөлімі басшысының орынбасары
14 қыркүйек 2021 ж. 583 0