Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирусқа қарсы спрей-вакцина шықты

Коронавирусқа қарсы спрей-вакцина шықты

Ресейдегі А.А. Смородинцев атындағы тұмау ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары спрей түрінде COVID вакцинасын жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі мұрынға арналған вакцинаның клиникаға дейінгі зерттеуі аяқталғанын хабарлады.
Вакцина мұрынға арналған спрей түрінде жасалып жатыр. ҒЗИ директоры Дмитрий Лиозновтың айтуынша, зерттеу жасушалар мен жануарларға жүргізілген. Препарат өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсетті. Қазір ҒЗИ еріктілерде клиникалық сынақтар өткізуді мақұлдау үшін құжат дайындап жатыр.
«Осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында клиникалық зерттеулерді бастаймыз деп үміттенеміз»,  деді Д.Лиознов.
Мамандардың мәлімдеуінше, жаңа вакцина – «Спутник V» сияқты SARS-CoV-2 генетикалық материалын енгізетін тұмаудың әлсіреген вирусына негізделген векторлық препарат.

syrboyi.kz
23 қыркүйек 2021 ж. 202 0