Дәрігер адам денсаулығына қауіпті тағамдарды атады

Егер бұл тағамдарды нормамен жесе, олар «шартты түрде зиянды» саналады, деді маман.
«Дұрыс тамақтануды насихаттауға қарамастан, қазіргі таңда статистика сол қалпы: адамдар қант, ас тұзы қосылған майлы тағамдарды шамадан тыс көп жейді, ал дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді аз тұтынады», – деді Карпенко.
Дәрігер зиянды тағамдарды көп жеу қант диабеті, жүрек-қан тамырлары (инфаркт, инсульт), асқазан-ішек жолдары ауруларына әкеп соғатынын ескертті.
Маман тәтті әрі майлы тағамдарды тұтыну жиілігі мен мөлшерін бақылауға кеңес берді. Мәселен, етті аптасына екі реттен көп жемеу керек, ал тұздың нормасы — тәулігіне бес грамм (йодталған).
Жалпы, Карпенконың айтуынша, рационда құнарлы майлар жалпы калорияның он процентінен, ал қант бес-он проценттен аспауға тиіс.
kyzylorda-news.kz