Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақшаны қалай жинауға болады – 5 кеңес

Ақшаны қалай жинауға болады – 5 кеңес

Өзіңізді қауіп-қатерден қорғау үшін бір жерге емес, бірнеше бағытта қаржы құйған жөн. Бұл "әртараптандыру" деп аталады.
Болашаққа деген сенім өте маңызды, көп жағдайда ол қаржыға байланысты болады. Sputnik Қырғызстан колумнисі Бақыт Толқынов ақшаны қалай дұрыс жинау қажет екенін айтты.
Оның пікірінше, ақша жинауды бастау үшін біріншіден, сізге не үшін ақша қоры қажет екенін түсіну қажет.
Ақша қоры мынадай жағдайларда қажет болады:
  • жұмыстан шығу немесе табыстың күрт төмендеуі, мұндай жағдайда жинақталған қаржы бірқалыпты өмір сүру деңгейін сақтауға көмектеседі;
  • жұмыс істейтін саланы ауыстыру туралы шешім;
  • сырқаттанып қалу;
  • пәтерді не автокөлікті шұғыл жөндету қажет болғанда.
Яғни, жинақталған қаржы қиын кезде өмір сүру деңгейінің төмендемеуі үшін қажет. Маңызды ескерту! Жаңа киім немесе шетелде демалу сөз болып отырған жоқ.

Бірден жинаңыз

Жалақы ала салысымен бірден қажетті бөлігін сақтап қоюыңыз қажет. Сарапшылардың мұндай жағдайда "алдымен өзіңе төле" дейтіні бар.
"Жеке тәжірибемді айта кетейін. Мен бірнеше депозит аштым, екеуіндегі қаржы көлемі бірдей болды. Алайда біреуін жинауға екі жыл кетті, екінші депозитті сегіз айда жинап шықтым. Айырмашылық жинау жолына байланысты болды. Бірінші жағдайда мен алдымен қарызымды беріп, ата-анама көмектестім, өзім қалаған заттың бәрін істедім, содан кейін қолымда бар ақшаны жинау қиын болды. Соған байланысты депозитім мұқияттылық жеңген кезде ғана толықтырылып отырды. Екінші жағдайда мен тиісті соманы бөлмейінше жаратылмайтын", - дейді Бақыт Толқынов.

Табыстың бір бөлігін сақтап қою

Кей сарапшы табыстың кем дегенде 10 процентін кейінге қалдыру керек дейді, ал басқалары 20 процент қалдыруды ұсынады. Бұл жерде процент пен қанша бөлігін қалдыруға емес, ол соманың көлеміне мән берген жөн. Егер табысыңыздың айтарлықтай бөлігін кейінге сақтар болсаңыз, ақшасыз өмір сүру сізді жалықтырып жібереді. Содан кейін бірден қолда бар ақшаның бәрін жаратып тастауыңыз да мүмкін. Сондай-ақ ай сайын көзге көрінбейтін ақшаны қалдырып отыру да пайда әкелмейді, себебі қалаған сомаңызды жинауға жылдар кетеді. Сондықтан басты кеңес – шектен шықпау.

Өзіңді ақшадан немесе ақшаны өзіңнен оқшаулау

Бұл кеңес қаржыны сақтауға келгенде әлсіз адамдар үшін маңызды.
"Бұл да өз тәжірибемнің бір бөлігі. Мен ақшаны жинауға тырысқанда үйде немесе басқа картамда сақтадым. Арасында шұғыл түрде ақша қажет болғанда сол жинаулы ақшадан алдым. Осылайша ай сайын кейінге қалдырған ақша жаратылып кетті. Бір досым депозит ашуды ұсынып, содан кейін ақшаны сақтап қалуға мүмкіндік алдым", - дейді Толқынов.

Жинағыңыз күйіп кетпесін

Бұл кеңес алдыңғы кеңеске тікелей байланысты. Ақшаны өзіңнен алшақтатып қана қоймай, оның қандай да бір табыс әкелгені дұрыс. Мысалы, инфляцияны немесе бір бөлігін жабуы керек. Айталық, биыл қарашада 2020 жылдың қарашасына қарағанда инфляция 12,3 процентті құрады. Егер ақша құрдан құр жата беретін болса, ол бір жыл ішінде сатып алу қабілетінің оннан бір бөлігін жоғалтады. Әртүрлі нұсқа бар: бағалы қағаздар, депозит, алтын сатып алу.

Инвестицияны ойланып құю

Әлемде жинақты салудың көптеген нұсқасы бар. Бірақ әркімнің өз тәуекелдері бар екенін есте ұстаған жөн, депозиттер бойынша тәуекел төмен, ал қаржы пирамидасы үлкен тәуекелді қажет етеді. Сондықтан өзіңізді қауіп-қатерден қорғау үшін бір жерге емес, бірнеше бағытта қаржы құйған жөн. Бұл "әртараптандыру" деп аталады.

qazaly.kz​​​
18 желтоқсан 2021 ж. 699 0