«Сары» аймақта қалған үш-ақ өңір
20 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сары аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.