Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бензин қымбаттады

Қазақстанда бензин қымбаттады

Қазақстанда бензин бағасы тағы да шарықтады. Мәселен, Алматыда ең танымал АИ-92 маркалы отынның бағасы 179 теңгеден 185 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша қазіргі уақытта ірі желілердегі АИ-92 бір литрінің өңірлер бойынша құны:

Нұр-Сұлтан - 178/182 тг;
Шымкент - 175/179 тг;
Алматы - 179/180 тг;
Ақмола облысы - 182/183 тг
Алматы облысы - 180/181 тг;
Маңғыстау - 172/174 тг;
Атырау облысы - 168/170 тг;
БҚО - 172/174 тг;
Қызылорда - 178/179 тг;
ШҚО - 177/180 тг;
СҚО - 182/183 тг;
Павлодар - 178/179 тг;
Қостанай - 177/182 тг;
Түркістан - 175/189 тг;
Қарағанды облысы - 180/182 тг;
Ақтөбе - 172/174 тг;
Жамбыл облысы - 179/181 тг.
Ұлттық Банктің деректері бойынша мұнай өнімдерін өндіруде бензин бағасының 28,1%-ға дейін және дизель отыны бағасының 11,4%-ға дейін өсуі тіркелген.

20 желтоқсан 2021 ж. 413 0