Қызылордалық тұрғын алаяқ әйелге алданып қалды

Арызданушының айтуынша, танысы 2 жыл бұрын сеніміне кіріп, сіңілісін «университетке грантқа оқуға түсіріп беремін» деп, 570 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті әйел ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
kyzylorda-news.kz