«Альфа-Банктің» атауы ресми түрде өзгерді
Бұл туралы қазақстандық KASE қор биржасының сайтында хабарланды.
Банк биыл 13 мамырда қайта тіркеуден өткен. Енді ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес банкі «Eco Center Bank» АҚ деп аталады.
Eco Center Bank-ті Руслан Владимиров басқарды.
Бұған дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеген еді. Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.
kyzylorda-news.kz