Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыстан шығып қалған қазақстандықтар мемлекеттен берілетін төлемді қалай ала алады?

Жұмыстан шығып қалған қазақстандықтар мемлекеттен берілетін төлемді қалай ала алады?

Қазақстанда жыл сайын 100 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алып келеді. Биыл жарты жылдың ішінде 60 мыңнан астам азаматқа 8 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Қордан бөлінетін қаражаттың көлемі әр адамның еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Алғашқы алты айда қызметке орналаспасаңыз, қорға барып тағы да өтінім беруге болады. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоғыз жылға жуық видеоинженер болып қызмет еткен Нұржан Ықыласов мамыр айында жұмыстан шығып қалады. Алайда жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде бірден тіркелмеген. Тек бір айдан кейін ғана жақынынан қордан ақша алуға болатынын біліп, орталыққа барыпты. Айтуынша, жұмыссыз қалғаны үшін айына 110 мың теңге әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған екен.

“Еңбек.кз сайтына кіресің. Кіргеннен кейін шот нөміріңді жазасың. Сосын жұмыстан босап қалған кездегі төленетін ақшамды алатынымды айтты. Осы июль айының 15-і күні бірінші айымды алдым. Сосын 15-нен кейін официально осы компанияға жұмысқа кірдім. Жұмысқа ресми түрде орналасқаннан кейін сізге оны растайтын анықтама өткізу керек. Ол қағаз қордан қосымша ақша аударылмауы үшін қажет. Әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары, жұмыссыз қалған азаматқа соңғы 24 айдағы орташа жалақысының 40 пайызы төлем ретінде беріледі дейді. Яғни, екі жыл бойы ай сайын қолыңызға 200 мың теңге айлық алып келсеңіз, сізге 80 мың теңге сақтандыру қорынан төленеді. Мұндай төлем бірінші алты айға тағайындалады. Осы уақыт аралығында жұмыс таппасаңыз тағы өтінім бере аласыз”, – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұржан Ықыласов.

“Бұл кезде біз қараймыз. Жаңағы заңда көрсетлген. Егер алдында ол кісі осындай төлемді алған болса әрбір бір айы үшін 12 айы ада болады еңбек өтілінен. Екінші рет тағайындаған кезде біз ол кісіге тағы да соңғы 24 айдікін орташа айлығын есептейміз ғой. Бірақ ол кісі соңғы 6 айда төлем алып отыр. Айлығы болмады. Сондықтан жаңағы алатын төлемнің мөлшері азырақ болады”, – дейді Мемлекеттік әлеуметітк сақтандыру қорының департамент директоры Гүлбағила Болатбекова.

Әлеуметітк сақтандыру қорынан жұмыссыз ретінде төлем алу үшін жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу қажет. Немесе арнайы веб-портал арқылы да өтініш бере аласыз. Қор мамандарының есебі бойынша жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркеледі екен. Былтыр 106 мың азаматқа 16 миллиард теңгеге жуық төлем беріліпті. Биыл жарты жыл ішінде 60 мыңға тарта адамға 8 миллиард теңгеден көп ақша берілген.
28 шілде 2022 ж. 431 0