Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктайғақ. Жаңбыр. Қар. Бүгін ауа райы қандай болады?

Көктайғақ. Жаңбыр. Қар. Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК бүгін 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с жел болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Күннің соңында облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күннің соңында облыстың батысында, орталығында екпіні 18 м/с.

Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күші 15-20, екпіні 25 м/с жел болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік–батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

(Сурет ашық дереккөзден алынды)
05 желтоқсан 2023 ж. 224 0