Су тасқынынан 32 мыңнан астам бала құтқарылды

Азаматтық қорғау қызметтерімен 97 мыңнан астам адам, оның ішінде 32 мыңнан астам бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала орналасқан.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 27 мыңнан астам адам және 3 мыңға жуық бірлік техника мен 15 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы ТЖ әрекет етеді.
Фото: baq.kz