Әділдік жоқ жерде пара белең алады

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Әділдік пен турашылдықты ту еткен ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі сол сөзімізге дәлел бола алады. Осы бір қауіпті кеселмен күресте қолында билігі бар ықпалды азаматтар сол бабалар жолын ұстанса, әділдік әркез салтанат құрған болар еді. Бұл ел дамуының айқын көрінісі болмақ.
Н. ТОҒЫСОВ,
№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі
бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны