Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер қарбыздан улану белгілерін атады

Дәрігер қарбыздан улану белгілерін атады

Диетолог Сабина Карсиева қарбыздан уланудың белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Аif.ru"-ге сілтеме жасап.

Маман адам қарбыздан уланған кезде оның жүрек айнуы, құсуы, іші ауыруы, іші өтуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ әлсіздік және температураның көтерілуі секілді улану белгілері байқалады.
Дәрігер белгілер ушыға бастаса, жедел жәрдем шақыруға кеңес берді.

Егер сақтықпен жесе, қарбыз қан тамырларының кеңеюіне ықпал ететін аминқышқыл - L-цитрулинге бай. Ол бұлшықеттерге оттегі жеткізу процесін жеңілдетеді. Сондай-ақ, қарбызда көптеген каротиноидтар, соның ішінде ликопин бар, олар ағзада А дәруменіне айналады. Ликопин көруге және жасқа байланысты макулярлы дегенерацияның (орталық көру қабілетінің бұзылуы) алдын алу үшін пайдалы. Сондай-ақ, қарбыз жүрек пен қан тамырларына жағымды әсер етеді: жаман холестерин деңгейін төмендетеді және түйіншектердің пайда болуының алдын алады.

Сонымен қатар, қарбызда жүректің жұмысына қажетті калий мен бұлшықеттердің жиырылу қабілетіне жағымды әсер ететін магний бар.

Сурет: ашық дереккөз
18 тамыз 2024 ж. 125 0