Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма

1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте ұстаздарға сыйлық беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр Ғани Бейсембаев мұғалімдердің оқушылар мен олардың ата-аналарынан гүл шоқтарын алса қуанышқа бөленетіндерін тілге тиек етті. Сондай-ақ ұстаздарға гүл сыйлау дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Тәтті-тәпсекке қатысты ойлану керек. Әркімнің қалауы әртүрлі. Бірақ оқушылардан мұғалімнің гүл алуы көңіл - күйді көтеретін үрдіс. Оқушылардың мұғалімдерге құрмет ретінде гүл сыйлауы дәстүрге айналған. Сондықтан оны дұрыс деп есептеймін. Гүл сыйлау − әркімнің өзінің көңілі мен ниетіне байланысты. Бірақ гүл беруді міндеттемеу керек», деді министр.

Сурет: ашық дереккөз 
21 тамыз 2024 ж. 161 0