Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ескерту: Алыс жолға шықпаңыздар

Ескерту: Алыс жолға шықпаңыздар

Төтенше жағдайлар министрлігі күн райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес ауа райының нашарлауы күтілуде. Яғни қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман болады деп болжанған болатын.

ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Сурет: baq.kz
28 қазан 2024 ж. 84 0