Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбыл облысында марихуана сатқан полиция майоры сотталды

Жамбыл облысында марихуана сатқан полиция майоры сотталды

Жамбыл облысында полиция майоры есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, сотталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу бойынша айыпталып отыр.
Сотталушы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы лауазымын атқара отырып, бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының тұрғыны Щ.-мен танысқан.
Сондай-ақ, есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша жұмыс көрсеткіштерін жасанды арттыру мақсатында, үшінші тұлғаларға басқа аймаққа Щ. арқылы өткізу және кейіннен оларды ұстау мақсатында аса ірі мөлшерде салмағы 1080,03 гр "кептірілген марихуана" есірткі құралын заңсыз сатып алған.
Прокурор полиция майорына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы М. кінәсін мойындаған жоқ.
Алайда, сотталушының кінәсі дәлелдемелер мен қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен расталған.
Сот үкім шығармас бұрын оның жас балаларының болуын танып, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдетті. Ал өзі қабылдаған антты бұзған адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы ауырлататын жаза қажет етеді.
Сотпен "лауазымды адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған есірткі құралын заңсыз сатып алу, тасымалдау" бойынша саралау белгілері алынып тасталды, себебі қылмыстық қудалау органының бұл бөлімдегі тұжырымдары дәлелденген және негізделген деп танылмаған, - делінді хабарламада.
Сот үкімімен М. ҚК-нің 297-б. 3-т. 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, полиция "майоры" арнайы атағынан айыра отырып тағайындалды.
Қоса кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
16 қараша 2024 ж. 48 0