Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

13 желтоқсанда ауа райына байланысты еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңерең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында орталығында, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында 25 м/с. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/ болады. Қызылордада жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Астанада оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Сурет: baq.kz

13 желтоқсан 2024 ж. 41 0