Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Таңғы ас күнделікті диетаның 20-25 пайызын алу керек, яғни ол жеткілікті тойымды болуы шарт. Сондықтан дәрігерлер үнемі таңғы ас ішуді ұсынады. Ал таңғы ас ішуге мүлде тәбет болмаса ше? Мұндай кезде не істеу керек? Бұл сұраққа медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Пилипенко жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап.
Кейбір адамдар таңғы асқа бір банан жейді немесе кофе ішеді. Ал ботқа, өмлет немесе тойымды тағам жеуге тәбеті кейінірек ашылады.
"Шын мәнінде, таңғы ас - тағамға төзімділіктің максималды уақыты, бірақ таңертеңгі тәбеттің болмауы ас қорыту аппараттарының тамақтануға дайын болмауына байланысты болуы мүмкін. Егер адам бір уақытта тамақ ішсе, яғни күнде таңғы сегізде таңғы ас ішсе, онда көрсетілген уақытқа дейін ас қорыту жүйесі тағамды тез ыдырату және сіңіру үшін ферменттер қорын жинайды. Егер адам ағзасы ұйықтауға дағдыланған сағатта тамақ ішуге тырысса, онда асқазандағы тамақ тас сияқты сезінуі мүмкін, яғни ауырлық тудырады", - деп түсіндірді медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Пилипенко.
Қалай мәселені шешіп, ағзаны таңғы ас ішуге үйретуге болады?
Дәрігердің айтуынша, мұндай әдетті қалыптастыруға күнде бір уақытта жеңіл (сұйық) ботқаны жеуге тырысу көмектеседі.
"Таңғы астың биологиялық міндеті - тамақтану арасындағы ұзақ үзілістен кейін бауырдағы көмірсулардың (гликогеннің) орнын толтыру. Бұл тапсырманы таңғы асқа жармадан жасалған тағамдар - ботқалар орындайды. Ал жемістерді, омлетті және сэндвичті таңғы ас ретінде тұтынуға болады, бірақ күрделі көмірсулары бар тағамға қосымша ретінде ғана", - дейді гастроэнтеролог.
Сурет: massaget.kz