Инвестиция тарту – ел игілігі үшін маңызды қадам

Экономиканы әртараптандыру бағытында инвестиция тарту жұмыстарын күшейту керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жекелеген жобаларға инвестициялар тарту бойынша «нақты проблемаларды» ғана емес, сонымен бірге ведомствоаралық үйлестіру шеңберінде артық бюрократияны жою және жекелеген процестерді қысқарту бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру, сондай-ақ, тұтастай алғанда «елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту» міндетін жүктеді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы еліміздің бірнеше өңірінде сырттан тартылатын қаражат көлемі бірден төмендегенін атап өтті (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстары, ШҚО, СҚО және Алматы қаласы). Мәселен, өткен жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 12,7 миллиард долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі салымдардан 36% - ға аз.
Президенттің айтуынша, Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Орынсыз шығынды тоқтату керек. Ал экономиканы ілгерілету үшін әуелі инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет. Инвестицияны тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады.
Н. ӘМІРХАНҚЫЗЫ