Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОНКОЛОГИЯНЫ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН СКРИНИНГТЕР

ОНКОЛОГИЯНЫ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН СКРИНИНГТЕР

Kyzylorda-news.kz Қазақстанда МӘМС жүйесі аясында онкологиялық ауруларды анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік зерттеулер қарастырылған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалында скринингтің кімге және қандай түрлерінен өту керектігін еске салды.
Сүт безі обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді
• Сүт бездерін УДЗ
• Мақсатты маммография (1 проекция)
• Маммография (4 сурет)
Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден 30 мен 70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтеді
• Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия
• Жатыр мойнының биопсиясы
• Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу
• Жатыр мойнының жағындысын цитологиялық зерттеу ПАП-тест, оның ішінде сұйық цитология аппаратында
Колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтау үшін скринингтік тексеруден 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді
• Жедел әдіспен нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)
• Скринингтік жаппай бейне колоноскопия
• Эндоскопиялық шымшу биопсиясы
• Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу
Ауылдық елді мекендердің тұрғындары арасында онкологиялық скринингті уақтылы жүргізу үшін облыстық онкологиялық орталықтың жылжымалы медициналық кешені жұмыс істейді. Тексеру және мамандардың кеңестері МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебеңізге қарамастан тегін көрсетіледі.

Фото: kyzylorda-news.kz
27 ақпан 2025 ж. 54 0