Шекара қызметінің жұмысы жүйелі

Шекарадан контрадандалық жолмен есірткі заттары өтуінің алдын алу мен болдырмау мақсатында еліміздің барлық шекара қызметі жүйелі жұмыс істейді. Алдын ала тексеру, барлау жұмыстары, іс-қимыл жоспарлары жүйелі. Осы ретте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлімшелері шекарадағы есірткі заттары тасымалын болдырмау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқаруда.
Сонымен қатар, шекарадан контрабандалық жолмен есірткі құралдарын тасымалдау, дайындау, сақтау және есірткі құралдарын медициналық емес пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Мұндай заңсыз әрекеттер мұны жасайтын адамның өзі үшін де, айналасындағылардың денсаулығы мен өмірі үшін де жойқын болатынын есте ұстаған жөн. Денсаулық пен қауіпсіз болашаққа қамқорлық әрқайсысымыздан басталады.
Ескертетін тағы да бір жағдай! Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен мен олардың аналогтарын дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес елеулі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай заңсыз есірткінің әрбір грамы біреудің өмірін құртып қана қоймай, өз өміріңізді де қапасқа сүйрейтінін ұмытпаңыз.
Қазақстан заңына сәйкес, ірі және аса ірі көлемде есірткіні саудалаумен айналысқаны үшін 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ел тұрғындарының назарына, көлеңкелі бизнес, ақша табудың оңай жолы түбінде өз өміріңізді жалмап тынады. Сондықтан қылмыстың алдын алып, Заңға қайшы әрекет жасаудан аулақ болуға шақырамыз!
Жакеев Қасымхан Бауыржанұлы,
Қызылорда облысы бойынша шекара қызметі департаментінің офицері