Бала тәртіп бұзса, ата-анасы қандай жауапқа тартылады

Егер бала сабақтан жиі қалса, тәртіп бұзса немесе құқық бұзушылыққа қатысса, ата-анаға 20 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы — 78 640 теңге) немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.
Жауапкершілікке тарту мына жағдайларда болады:
сабақтан жүйелі түрде қалу;
ата-ананың ескертуге мән бермеуі;
баланың мінез-құлқын бақыламау;
баланың ішімдік, есірткі қолдануы;
қайыршылықпен, бұзақылықпен айналысуы.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ата-аналар психолог, әлеуметтік педагог немесе ювеналды полициямен бірлесіп жұмыс істеуі қажет.
Психолог Анна Вовктың айтуынша, бала сабақтан көбіне ұстазға, сыныптағы ортаға көңілі толмағандықтан немесе отбасындағы жағдайдан қашып жүреді. Мәселені шешудің басты жолы – баланы жазғыру емес, себебін түсініп, қолдау көрсету.
Фото: Нұрболат Нұржаубай