Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады?

Жаздың алғашқы айында мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт аталып өтеді. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
6 маусым (жұма) – Құрбан айт күні демалыс
7 маусым (сенбі) – демалыс
8 маусым (жексенбі) – демалыс
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
6 маусым – демалыс
7 маусым – жұмыс күні
8 маусым – демалыс
Сонымен қатар, маусым айындағы жалпы демалыс күндері: 1 маусым, 6, 7, 8 маусым, 14, 15 маусым, 21,22 маусым, 28,29 маусым.
Осылайша, 2025 жылдың маусым айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай