Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жаууы, дауыл соғып, желдің күшеюі мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады.
Еліміздің бірнеше өңірінде жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады. Атап айтқанда, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай және Жетісу облыстарының кейбір бөліктерінде өрт қаупі жоғары болады. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Алматы, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Ұлытау облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп күтілуде.
Фото: Нұрболат Нұржаубай