Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең зиян шай қайсы екені белгілі болды

Ең зиян шай қайсы екені белгілі болды

Кеше түннен қалып қойған немесе қайта қайнатылған шай денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Дәрігерлер мұндай шайда зиян заттар жиналатынын, жылы орта бактериялар пайда болуына ықпал ететінін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суып қалған шай, әсіресе, дайындалғаннан кейін бір күн өткен соң ішкен сусын ағзаға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Бұл туралы "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында терапевт, диетолог Елена Трускова айтты.

"Бұрын қайнатылған шай қауіпті болуы мүмкін. Бұл тарихтан да белгілі, Жапонияда кешеден қалған шайды улы затқа теңеген, оны "жылан шағудан да жаман" деп санаған. Ал қытайлықтар ұзақ уақыт бұрын қайнатылған және суып қалған шайды табиғи у деп санаған. Өйткені пайдалы заттардан бөлек шай құрамында зиян алкалоид гуанин бар, ол уақыт өте келе шай жапырақтарында жиналады", - деді дәрігер, диетолог Елена Трускова.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

11 шілде 2025 ж. 51 0