Зерттеу: Неліктен әйелдердің бірі байлыққа, енді бірі қарызға батады?

Ол бірдей мүмкіндіктерге ие бола тұра, кейбір әйелдер молшылықта өмір сүрсе, енді біреулері қарызға бататынын алға тартты.
Оның себебі – бар болғаны бір әдетте, яғни назарды қайда бағыттауда, - деп атап өтті маман.
Автордың байқауынша, тұрақты қаржылық жағдайға ие әйелдер табысты арттыратын істерге шоғырланса, керісінше, қаражаты аздар табысты азайтатын дүниелерге көңіл бөледі.
Мысал ретінде еңбекке деген көзқарас келтіріледі: біреулер нәтижені жұмыс сағатымен өлшесе, енді біреулер оны клиент саны арқылы бағалайды.
Күніне 12 сағат жұмыс істеп, алайда одан еш нәтиже болмаса, бәрі бос әуре, – дейді.
Тақырып пікір қалдырғандар арасында қызу талқыланды.
Толық келісемін, мен де бұрын бастысы – көп еңбектену деп ойлайтынмын. Кейін түсіндім: ақша шаршаған адамға емес, нәтижеге ой жүгірткен адамға келеді, – дейді жазылушылардың бірі.
Басқа пікір білдірушілер дағдарысқа деген көзқарасты атап өткен.
Автордың ойынша, кедей тек проблеманы көреді, ал бай мүмкіндік іздейді. Менің бизнесім дәл дағдарыс кезінде пайда болды. Сол кезде алғаш рет тәуекелге бардым, ол менің өсу нүктем болды, – деп бөлісті тағы бір оқырман.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Дискуссияға қатысушылар атап өткендей, мәселе ресурстардағы айырмашылықта емес, ойлау жүйесінде жатыр. Кедергілердің орнына мүмкіндіктерге назар аудару әдеті қаржылық болашақты айқындайды.