Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойыз билеттеріне уақытша жеңілдіктер енгізілді

Пойыз билеттеріне уақытша жеңілдіктер енгізілді

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы қыркүйектің 22-сінен қазанның 23-іне дейін бірқатар бағыттағы пойыздарға арнайы жеңілдіктер жасайтынын хабарлады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты azattyq.ruhy.kz сайтына сілтеме жасап. Жолаушылар билеттерді ресми сайттан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады. Жеңілдіктер пойыз жөнелтілер күніне 10–45 тәулік қалғанда қолжетімді болады.

Компанияның мәліметінше, билеттердің бағасы бағыт пен орын түріне байланысты 20%-дан 40%-ға дейін арзандайды.

Жеңілдік қарастырылған бағыттар:

Астана – Алматы (№9/10)
Аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері
Сидячий вагондар (2С) – 40% жеңілдік
Астана – Жезқазған (№65/66)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
Туристік вагондар (2Д) – купе орындарына 25% жеңілдік
Астана – Өскемен (№67/68)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
Туристік вагондар (2Д) – жоғарғы сөрелерге 30% жеңілдік
Алматы – Маңғыстау (№77/78)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
Купе (2К) – жоғарғы орындарға 25% жеңілдік
Алматы – Өскемен (№351/352)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
Купе (2К, 2Л, 2У) – жоғарғы орындарға 30% жеңілдік
Атырау – Ақтөбе (№691/692)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
Купе (2К, 2Л, 2У) – жоғарғы орындарға 20% жеңілдік
Алматы – Шымкент (№11/12)
Күн сайын қатынайды
Туристік вагондар (2Д) – купе орындарына 25% жеңілдік

ozgeris.info/kz
18 тамыз 2025 ж. 54 0