Пойыз билеттері жеңілдікпен сатыла бастады

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Тальго» пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізеді, ол осы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 7 желтоқсаны аралығында болмақ.
«Тальго» пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.
Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі, олар:
-20% жеңілдік – №79/80 «Астана – Арқалық» бағытына;
-30% жеңілдік – №81/82 «Астана – Қостанай» бағытына;
-40% жеңілдік – №65/66 «Астана – Жезқазған» бағытына.
Билетті тиімді бағамен «www.bilet.railways.kz» сайты, сондай-ақ «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады (Android платформасында ғана қолжетімді).
Сондай-ақ жолаушылар жеңілдік мөлшерін «Алтын» және «Күміс» дисконт карталары арқылы 55%-ға дейін арттыра алады.
Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты тегін «1433» нөмірінен және «KTZH_PP_BOT» телеграм-бот арқылы алуға болады.