«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына көктемгі 50% жеңілдіктер жарияланды

Ағымдағы жылдың 11 сәуірі мен 31 мамыр аралығында мерекелік күндерді (27 сәуір мен 1 мамыр, 4 мамыр мен 9 мамыр аралығын) есепке алмағанда «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына көктемгі жеңілдіктер жарияланды.
Жеңілдіктер мына пойыздар бойынша қарастырылған:
Пойыздар тізімі | Вагондардың түріне қарай қосымша жеңілдіктер көлемі | ||
«Гранд» | «Бизнес» | «Турист» | |
№ 035/036 «Алматы – Атырау» | 10% | 10% | - |
№ 045/046 «Алматы - Өскемен» | 25% | 20% | 20% |
№ 049/050 «Алматы – Орал» | 10% | 10% | - |
№ 089 «Астана – Қызылорда» | 10% | 10% | 10% |
№ 090 «Қызылорда – Астана» | 20% | 20% | 20% |
№ 095/096 «Астана – Орал» | 10% | 10% | - |
№ 097/098 «Ақтөбе – Астана» | 10% | 10% | - |
№ 701/702 «Алматы – Астана» | 20% | 20% | 20% |
№ 709 «Шымкент – Астана» | 20% | 20% | 20% |
№ 710 «Астана – Шымкент» | 10% | 10% | 10% |
Осылайша, көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып жолаушылар 11 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жағдайда максималды 50%-ға дейін жеңілдікті ала алады.
Baq.kz