Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның барлық жолаушылар пойыздарына Wi-Fi қосылады

Қазақстанның барлық жолаушылар пойыздарына Wi-Fi қосылады

Еліміздегі барлық пойыздарға Wi-Fi орнату жоспарлануда. Бүгінгі таңда бұл жүйе Тұлпар-Тальгоның үш пойызына орнатылған. Ал қалған бағыттардағы пойыздарға 2020-2022 жылдары жаңа технологияның аясында ензіледі екен. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

«Бүгінгі таңда Wi-Fi спутниктік технология арқылы Астана-Алматы және Алматы-Петропавл бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» темір жол көлігінің үш пойызына орнатылды. Басқа жолдарда Wi-Fi желісі 2020-2022 жылдары LTE жаңа технологиясының  аясында енгізу жоспарлануда», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқармасының мүшесі Алмас Айтбаев.
Ол сондай-ақ қажетті жабдықты орнату мәселелеріне тоқталды.
«Бұл жүйені ҚТЖ-ның жоспарына барлық теміржол желісі бойынша енгізуге болады. Сол кезде бүкіл пойыздарға Wi-Fi орнаталады», – деді Алмас Айтбаев.
stan.kz
01 сәуір 2018 ж. 1 110 0