Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елмен етене ұжым

Елмен етене ұжым

Дәстүр бойынша қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстанда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 26 қазанға тура келеді. Бұл мереке 2011 жылдан бері тұраұты түрде тойланып келеді.
Аталған саланың өкілдері ЕХӘҚМ мәліметінше, бұл өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдаумен және қорғаумен айналысатын адамдарға арналған, олардың рөлінің маңыздылығын және әділ және гуманитарлық қоғам құруға қосқан үлестерін қосып келеді. 
Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 35 мың маман жұмыс істейді. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, арнайы педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер бар. Республика бойынша әлеуметтік қызметкерлер саны 12 мыңнан асса, оның 1000-нан астамы үкіметтік емес секторда жұмыс істейді.
Әлеуметтік қызметкерлер 8 қызмет түрін көрсетеді, атап айтқанда: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық.
"Азаматтарға арналған үкімет"  МК КеАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімі де бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың үздіксіз істелуіне елеулі үлес қосып, халықтың оң бағасын алып келе жатқан мекеме.
Иә, барлық санаттағы аудан азаматтарына қажеттілігіне сай мүлтіксіз еңбек етіп жүрген ұжым әлеуметтік қамқорлық көрсету бойынша бүтіндей бір ауданның қажетін орындап отыр.
Атап айтар болосақ зейнетақы, мүгедектік,  асыраушысынан айырылған,  көп балалы отбасы,  көп балалы ана,  жүктілік,  бала күтіміне байланысты төлемдер тағайындау "Азаматтарға арналған үкімет" арқылы жүзеге асады.
Иә, халықпен етене араласып, есігінен аттаған елдің өтінішін өзекті санап, күліп қарсы алып, қуаныш сыйлап шығарып салатын, өзге жанның ауыртпалығын арқалап, оны шешуге бар күш-жігерін жұмсайтын мейірімді жандардың мерекесі құтты болсын!
Оңталап ЖОЛДАСОВ

26 қазан 2025 ж. 37 0