ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні болып атап өтіледі. Қазіргі таңда ауданда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда 98 қызметкер жұмыс жасауда. Бүгін Арал қаласындағы Орталық Стадионда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әлеуметтік сала қызметкерлерінің арасында спорттың 5 түрінен спартакиада ойындары басталды.
Спорттық жарыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Б. Жұмағұлов қатысып: -«Сіздер өз қызметтеріңіз арқылы қоғамдағы көмекке мұқтаж, қамкөңіл жандарға, зейнеткерлерге, жалғызбасты, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып, қиындығын бөлісіп, оны еңсеруге бірге атсалысып келесіздер.
Қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесінде қиын жағдайға душар болған азаматтар қажетті қолдау тауып, еңселерін тіктеуде. Кәсіби мерекелеріңізге орай ұйымдастырылған спартакиадаға қатысушы барлық командаларға сәттілік тілеймін!-»деп үздік деп танылған сала қызметкерлеріне ҚР Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрінің және облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Атап өтейік, спорттың волейбол, дартс, арқан тарту, футбол және эстафета түрлерінен өтіп жатқан сайыста «Әлеумет», «Жалын», «Арал» командалары бақ сынауда.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі