ҰЖЫМДАСТАР СПОРТТА БАҚ СЫНАСТЫ

Жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген әр команда жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Жасыл алаңда барын салған әуесқой командалар спорттың 5 түрінен бақ сынады.
Сайыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде «Арлан» командасы топ жарып I – орынды иеленді. II – орын «Барыс» командасына бұйырды, ал III – орынды «Сұңқар» командасы қанағат тұтты.
Үздік деп танылған командалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры А.Қайруллаевтың, Арал ауданының әкімінің орынбасары Р.Өтешовтің және «Нұр-отан» партиясы аудандық филиалының мақтау грамоталарымен марапатталды, сонымен қатар ақшалай сыйақы табысталды.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі