Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАҚ СЫНАСТЫ

АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ ҮШІН БАҚ ӨКІЛДЕРІ БАҚ СЫНАСТЫ

Бүгін ауданымызда 28 маусым – Байланыс және ақпарат күніне орай БАҚ қызметкерлері арасында Арал ауданы әкімінің кубогы мен жүлдесі үшін шағын футбол турнирі өтті. Арал өңірі балықшыларының IV слетімен    тұспа-тұс келген турнирдің ашылу салтанатында аудан басшысы М.Оразбаев БАҚ өкілдерін өткен мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысқалы отырған жалынды журналистерге сәттілік пен жеңіс тіледі.   Айдынды Арал төрінде өткізілген кіші футбол сайысында Қызылорда облысы бойынша 8 топ, яғни «Қазақстан Қызылорда», «Тәуелсіз БАҚ», «Меншікті тілшілер», «Сыр Медиа» ЖШС, «Қазалы» газеті, «Толқын», «Жас тілшілер» және «Өскен өңір» командалары бақ сынасты.
Сайыс барысында сала қызметкерлерінен құралған қатысушылар тартысты ойын көрсетіп, нәтижесінде Шиелі аудандық «Өскен өңір» командасы топ жарып I-орынды иеленді. II-орын «Сыр Медиа» ЖШС-нің жігіттеріне бұйырса, «Меншікті тілшілер» командасы III-орынды қанағат тұтты.
Үздік деп танылған ақпарат майданының футболистері арнайы номинациялармен және жүлделермен марапатталды. 
aral.gov.kz​​​
16 шілде 2018 ж. 2 136 0