Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

Жыл сайын Қазақстанда жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық республикалық шарасын өткізліп отыр. Осы іс-шараны өткізу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімінде де әр жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Шараның басты мақсаты- аз қамтылған отбасындағы балаларды киім-кешекпен және оқу құралдары, тіпті тауарларымен қамту қарастырылған. Осы орайда қаламыздың кішкентай тұрғыны 3- сынып оқушысы Русланұлы Асланға бөлім тарапынан оқу және спорт киімдері, оқу құралдары табысталды.  Шара барысында Асланның анасы Нысанбаева Айгуль бөлім ұжымына рахметін айтып, аналық алғысын білдірді.  
Азаматтарға арналған үкімет  мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімінің баспа сөз қызметі
24 тамыз 2018 ж. 1 874 0