ПРОАКТИВТІК ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДА

Арал қаласының жас отбасы Бақытжан Орынбекұлы мен жұбайы Малика Есенжолова алғашқы нәрестесінің туу туралы куәлігін мемлекеттік проактивті қызмет түрімен рәсімдеді. Осылайша, олар мемлекеттік қызметтің осы түрінің тиімді әрі жылдам тағайындалатынана куә болды. Республикалық акция барысында бөліміміздің қызметкерлері жас отбасына туу туралы куәлігінмен қоса сый-сияпат табыс етті.
Айта кетейік, ауданымызда жыл басынан бері аталған мемлекеттік проактивті қызмет түрі бойынша 413 туу тіркелсе, 184 балабақшаға кезекке қою, 114 бір жолғы жәрдемақы және оның күтіміне байланысты 1 жасқа дейінгі жәрдемақысы тағайындалды.
ХҚКО-ның Арал аудандық бөлімінің баспасөз қызметі