Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Күнделікті даму барысындағы қоғамда Сіздердің атқарып жүрген елеулі қызметтеріңіз үлкен құрмет пен зор марапатқа әбден лайық. Себебі, Сіздер күн сайын зейнеткерлерге, жан жылуын, адамзат мейірімін күтетін қамкөңіл жандарға, көп балалы отбасыларға, табысы аз азаматтарға көмек қолын созып, өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге көмектесіп келесіздер. Әрдайым азаматтардың қайғылары мен қиындықтарын еш жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлеріңізді салатындарыңыз баршамызға аян.
Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар және өзге де өмірдің қиыншылықтарына тап болған адамдар сіздердің мейірімділік пен қайырымдылық, төзімділік және әрдайым қол ұшын беруге дайын елгезектік сияқты адами қасиеттеріңіздің арқасында өз мүмкіндіктеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп келеді. Бүгінде ауданымызда 98 қызметкер әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда  аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін  тер төгуде.
Құрметті сала мамандары! Сіздер әлемдегі ең ізгі әрі қиындығы мол қызметте еңбек етіп келесіздер. Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары біліктілікті, таңдалған кәсіпке деген адалдықты, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді. Шын жүректен сіздердің жанкешті еңбектеріңізге алғысымды білдіремін!
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Серік Сермағамбетов
31 қазан 2021 ж. 945 0