Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ МҰХТАР ОРАЗБАЕВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ МҰХТАР ОРАЗБАЕВТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адамдарға өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге көмектесіп келесіздер.
Әрдайым азаматтардың қайғылары мен қиындықтарын еш жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлеріңізді салатындарыңыз баршамызға аян. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен сала мамандары қашанда құрметке лайық.
Көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және өзге де өмірдің қиыншылықтарына тап болған адамдар сіздердің мейірімділік пен қайырымдылық, төзімділік және әрдайым қол ұшын беруге дайын елгезектік сияқты адами қасиеттеріңіздің арқасында өз мүмкіндіктеріне сеніп, қиындықтарды жеңіп келеді.
Құрметті сала мамандары!
Сіздер әлемдегі ең ізгі әрі қиындығы мол қызметте еңбек етіп келесіздер. Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары біліктілікті, таңдалған кәсіпке деген адалдықты, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді. Шын жүректен сіздердің жанкешті еңбектеріңізге, халықтың әлеуметтік осал тобына деген ыстық ықыластарыңызға алғысымды білдіремін!
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!
24 қазан 2020 ж. 1 760 0