Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімі М.Оразбаевтың мерекелік құттықтауы

Арал ауданы әкімі М.Оразбаевтың мерекелік құттықтауы

Ардақты аналар! Құрметті қыз-келіншектер!Сіздерді жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуақты сәті әйел-аналарымыз бен аруларымыздың мерекесінен бастау алады.
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.
Әйелдер - әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету - қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек.
«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз қашанда құрметке лайық.
Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямаған әйелдер аз емес. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгінде ел мақтанышы.
Қымбатты аналар! 
Аяулы асыл жандар!
Табиғат ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар.
Осы мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Ізгі ниетпен, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев
07 наурыз 2019 ж. 4 693 0