АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Конституцияда атап көрсетілген мемлекеттік басқару жүйесі негізгі реформаларды жедел қарқынмен жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды.
Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Конституция - Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген болатын. Осы ретте, барша қазақстандықтар еліміздің бүгінгі жетістігін демократиялық қоғамға қойылар басты талаптарға сай келетін Конституциямыз бен дұрыс бағдар таңдаған Елбасымыздың ерен еңбегі деп бағалайды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.
Құрметпен,
аудан әкімі Мұхтар ОРАЗБАЕВ.