Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге.
Базалық зейнетақы төлемінің ең жоғары мөлшері – 60 005 теңге.
Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10%-ға артады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (237 875 теңге) құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса –еңбек өтілінің әрбір толық жылы үшін 2 %-ға арттыра отырып, ЕТКД мөлшерінің 70 %- мөлшерінде, бірақ ЕТКД-нің 118 %-ынан аспайды.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ – 111873тг,  II-топ - 89498тг, III-топ -61022тг. 7 жасқа дейін бала мүгедегі – 81871тг, 7 жастан 18 жасқа дейін I-топ – 111873тг, II-топ - 93058тг, III-топ - 81871тг. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ – 163741тг, II-топ – 139841тг, III–топ – 117466тг. Мүгедек баланың күтіміне - 81871тг, 1-ші топ мүгедек күтімі- 81871тг төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 46783тг, екі балаға – 86447тг, үш балаға – 114415т, төрт балаға – 132213тг, бес балаға – 139841тг, алты және одан жоғары балаға - 152553. Тұлдыр жетім бір балаға – 78311тг, екі балаға – 156622тг, үш балаға – 234932тг, төрт балаға – 313243тг, бес балаға – 391553тг, алты балаға – 469864тг, жеті балаға – 548174тг, сегіз балаға – 626485тг төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады,  ал  № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар, сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен марапатталған көпбалалы аналарға арналған жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін - 164350, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 272475тг. Бір жарым жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 24912тг, екінші балаға- 29454тг, үшінші балаға – 33952тг, төртінші және одан да жоғары балаға – 38493тг төленеді.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға 69330тг, 5 баласы бар отбасыларға – 86673тг, 6 баласы бар отбасыларға- 104017тг, 7 баласы бар отбасыларға – 121360тг, 8 баласы бар отбасыларға – 138400тг, 9 баласы бар отбасыларға – 155700тг, 10 баласы бар отбасыларға – 173000тг төленеді.
Көп балалы ана «Алтын алқа», «Батыр ана», «1,2 дәрежелі Ана даңқы» орден иегерлеріне – 32005тг,  «Күміс алқа» алған аналарға – 27680тг  төленеді.
 Асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 %-ға; сондай-ақ ЕТКД өзгеруін ескере отырып, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшерлерін арттыру көзделген.
Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем, егер олардың мөлшері бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен төмен болса, міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, мемлекеттік жәрдемақы деңгейіне дейін жеткізіледі.
Бүгінгі таңда қайта есептеу жұмыстары жасалды, қаңтар айында қайта есептелген сома толығымен төленеді.
Л.ИБРАИМОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Арал аудандық бөлімінің басшысы
17 желтоқсан 2025 ж. 47 0