Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы - 57 853 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 43 407 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге.
Жасына және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін алып тұрған зейнеткерлерге 9 % - пайызға көбейеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ні (3 692 теңге х 55 АЕК = 203 060 теңге) құрайды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Мәселен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе еңбек өтілі (стаж) болмаған жағдайда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 60-пайызы есептеліп отырған, енді 65-пайызға көтерілді. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалпы еңбек өтілі (стажы) 30 жыл және одан жоғары болса, күнкөріс деңгейіне сәйкес ең жоғары базалық зейнетақы мөлшері 43 407 теңгені құрайды.
Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.
Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайына байланыстымемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оның ішінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын және түзеу мекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде 2024 жылғы 1 қаңтарда ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты (43 407 теңге) жоғарылатылады.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I-топ – 95 496 тг, II-топ – 76 397 тг, III-топ -52 089 тг.
7 жасқа дейін бала мүгедегі – 69 886 тг,
7 жастан 18 жасқа дейін I-топ – 95 496 тг, II-топ – 79 435 тг, III-топ – 69 886 тг.
Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I – топ – 139 771 тг, II-топ – 119 370 тг, III–топ – 100 271 тг.
Мүгедек баланың күтіміне - 69 886 тг, 1-ші топ мүгедек күтімі- 69 886тг төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 39 935 тг, екі балаға – 73 792 тг, үш балаға – 97 666 тг, төрт балаға – 112 859 тг, бес балаға – 119 370 тг, алты және одан жоғары балаға – 130 221 тг.
Тұлдыр жетім бір балаға – 66 847 тг, екі балаға – 133 694 тг, үш балаға – 200 541 тг, төрт балаға – 267 388 тг, бес балаға – 334 234 тг, алты балаға – 401 081 тг, жеті балаға – 467 928 тг, сегіз балаға – 534 775 тг төленеді.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады, ал №1, №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жарым жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін – 140 296 тг, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 232 596 тг.
Бір жарым жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 21 266 тг, екінші балаға – 25 143 тг, үшінші балаға – 28 983 тг, төртінші және одан да жоғары балаға – 32 859 тг төленеді.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді.
төрт баласы бар отбасыларға 59 183 тг,
бес баласы бар отбасыларға – 73 988 тг,
алты баласы бар отбасыларға – 88 793 тг,
жеті баласы бар отбасыларға – 103 598 тг,
сегіз баласы бар отбасыларға – 118 144 тг,
тоғыз баласы бар отбасыларға – 132 912 тг,
он баласы бар отбасыларға – 147 680 тг төленеді.
Көп балалы ана «Алтын алқа», «Батыр ана», «1,2 дәрежелі Ана даңқы» орден иегерлеріне – 27 321 тг, «Күміс алқа» алған аналарға – 23 629 тг төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 қаулысына сәйкес 2024 жылы 1 қаңтарынан бастап 7 % артататын болады.
Бүгінгі таңда, Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімі қайта есептеу жұмыстарын толық жасады, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап қайта есептелген жаңа төлем сомасы толығымен төленеді.
Еркін АШЫҚБАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы
Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
Арал аудандық бөлімінің басшысы

Фото: egemen.kz

20 желтоқсан 2023 ж. 269 0