2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы мөлшері қанша болады?

Жобаға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болмақ.
Заң жобасына сәйкес "жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9,0 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін" деп қабылданды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы.
Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.