Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алда қатты аяз болады

Қазақстанда алда қатты аяз болады

Қазгидромет 13, 14, 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суық антициклон
Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Сондықтан алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Ауа температурасы
14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді. Ал елдің солтүстік жартысындағы кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
Фото: Нұрболат Нұржаубай 
12 қаңтар 2026 ж. 44 0