Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

23-24 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қар жауады, ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Республика бойынша боран, көктайғақ, тұман, екпінді жел күтіледі.

Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 20-30 градус аяз, жекелеген аудандарда қатты аяз - 35 градус, күндіз 13-20 градус аяз, елдің орталығы мен шығысында 20-35, жекелеген өңірлерде 40 градус қатты аяз, оңтүстікте түнде 15-25 градус, жекелеген аудандарда 28 градус қатты аяз, күндіз 5-15 градус аяз күтіледі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
22 қаңтар 2025 ж. 113 0