Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел кеңесте 2025 жылдың қорытындысы топшыланды

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорытындысы топшыланды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі 2025 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесін қорытындылады.
Жедел кеңес ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Ж.Зиябеков, Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау бөлімінің басшысы Азамат Баянбайұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ахметов, РМК «Енбек-Қызылорда» филиалы директорының орынбасары Ж.Есентаев, №60 мекеме басшысы әділет полковнигі М.Өтетлеуовтың төрағалығымен өтті.
Жиында 12 айда жасалған жұмыстар жайында мекеме басшысының тәрбие істері жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі А.Өскенбаев баяндама жасады. Бөлім басшылары мен жауапты мамандарға тікелей сұрақтар қойылып, өзекті деген мәселелерді күн тәртібінде қарады. Сотталғандарды жұмыспен қамту, өндіріс көлемін көбейту және кәсіпкерлер тарту жұмыстарына, ішкі тәртіп пен профилактикалық шаралардың көлемін ұлғайтуға ден қойылды. Цифрлық жүйені дамыту арқылы, бейнебақылау жүйелерін одан әрі күшейтудің маңызы айтылды.
Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне өткен жылғы ақаулықтарды қайта пысықтау тапсырылды. Кеңесте Азамат Баянбайұлы ұсыныстармен тұжырымдама жасады. Жазасын өтеп жатқан азаматтардың кәсіптік білімін арттыру, курстардан өткізіп, қоғамға бейімдеу жөнінде кеңінен талқыланды. Өз кезегінде сала ардагері Т.Ахметов бұрынғы тактикаларды уақыт талабына сай өзгертіп қолдануды ұсынып, туындаған мәселелерді бірлесе отырып зерттеудің тиімділігін атап өтті.
Жедел кеңес соңында ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Ж.Зиябеков алдағы жылға бекітілген жоспар бойынша атқарылатын жұмыстарды нақтылап, жұмыс сапапсын одан әрі жетілдіруді тапсырды. Қызметкерлерге құқықтық тәртіпті барынша нығайту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.
Төлеп Рәпіш
ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
15 қаңтар 2026 ж. 153 0