ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕЛГІЛЕНГЕН АЗАМАТТАРМЕН БАСҚОСУ ӨТТІ

Арал аудандық ішкі істер бөлімшесінің мәжіліс залы, «Нұрлы-Бағдар» қоғамдық бірлестігінің президенті Р.О.Бекеева, Б.Исрайлов, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Б,Аймырзаев, Арал аудандық ПҚ-ның бөлім бастығының міндетін атқарушы әділет майоры С.Сейталиев, Арал аудандық ішкі істер бөлімінің және ЖПҚ жеке құрамы, Арал аудандық ПҚ-ның инспекторлары және есепте тұрған 49-сотталған қатысуымен жиын өтті.
Семинар-кеңес отырысында «Нұрлы-Бағдар» қоғамдық бірлестігімен сотталғандарға, түрмеден шыққан азматтарға әлеуметтік шарасыздық, психологиялық дағдарыс, құқықтық сауатсыздықтың алдын алу осы тектес қиындықтардың алдын-алу бойынша брошюра, жадынама, сауалнамалық деректер жинағы табыс етілді. Қосымша сотталғандар сұрақтары қойылып қажетті құқықтық түсіндіру көмектері көрсетілді.
С.Сейталиев
Арал аудандық ПҚ
бөлім бастығының м.а
әділет майоры
бөлім бастығының м.а
әділет майоры