Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тұжырымдық бағыттары бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, пробация қызметінің ықпалымен «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 4 адам жұмысқа орналастырылды. Және 3 адам Арал аудандық Көпсалалы колледжісінде автокөлік жүргізуші «В» категориясы мамандығы бойынша білім алуда. Сондай-ақ, есептегі тағы 4 азамат «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Қызылорда» филалына I-дәрежелі жұмысшы лауазымына Арал қаласындағы «Қатты тұрмыстық қалдықтар палигоны» салу құрлысына жұмысқа қабылданды. Елбасымыздың «100 нақты қадам»- Ұлт жоспарының 33-қадамында «Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне (пробация) тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіруді» көздейді Қылмыстың алдын-алу мақсатында, сотталғандарға кайта қылмысқа жол бермеуге және еңбекпен келген адал істің наны тәтті екендігі жөнінде профилактикалық әңгімелер де жүргізілуде. Сондай-ақ тағыда айта кететін болсақ пробация қызметі және аудандық кәсіпкерлермен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұратын Орынтай Алпамысовқа азық-түлікпен, әлеуметтік көмек көрсетілді.Өмірде жазатайым жаза басқан азаматтарды мүмкіндігі келгенінше қолтығынан демеп, қатарға қосу көмек беру қоғамға тарту баршамыздың міндетіміз.
С.Сейталиев
Арал аудандық ПҚ-і
Бастығының м.а
әділет майоры