Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбиеге толы кездесу

Тәрбиеге толы кездесу


Жарқын болашақ жарқын да жалынды жастардың қолында. Бейбіт күніміз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін Елбасымыз әрқашан жастар мәселесін назардан тыс қалдырмай келеді. Қай салада болмасын қолдауға ие.
Иә, қоғамның белсенді мүшесі ретінде жетілу үшін әуелгі ретте жастарымыз құқық табалдырығынан сүрінбей өтуі тиіс. Құқықтық сананы қалыптастырып, болашақты терең ойлайтын тұлға тәрбиелеу баршамыздың ел алдындағы міндетіміз.
Осы орайда кәмелет жасқа толмағандар арасындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында кездесу шаралары өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жасалды. Аудандық пробация қызметі, «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық білім бөлімі жанындағы балалар құқығын қорғау, «Жастар ресурстық орталығы» бөлімдері мен аудандық ішкі істер бөлімі бірлесіп қала мектептері мен кәсіптік оқу орындарында «Түнгі уақыт жүрісі» тақырыбында дәрістер оқылып, үгіт нәсихат жұмыстары жүргізілді.
Бұл кездесудің басты мақсаты жастарымыздың бос уақыттарында ішімдікке, есірткі заттарына деген әуестігін болдырмау, мейірімсіздік пен қатыгездікке жол бермеужәне оңай жолмен ақша табуға деген қызығушылығын жою. Керісінше, елі сеніп отырған жастарымыз ертеңін сәулелі ету үшін отансүйгіштікке, қайырымдылыққа арнауы жайында ұғым беру.
Жауапкершілікті сезіне білген жан ел болашағаның тұтқасы. Мәңгілік қазақ елінің тыныштығы біздің қолымызда.
Е. Жарасов,
Арал аудандық пробация қызметі бөлімінің
ювеналды инспекторы, әділет лейтенанты.
12 ақпан 2018 ж. 1 344 0