Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЛУДЕ

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЛУДЕ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмалардың бірі –бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады.
Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмау керек. Сондай-ақ, бізде есепте тұратын азматтардың ішінде қателігінен сабақ алып өмірге деген құлшысы артқан азматтар жетерлік. Уақыт өте өнерімен елге танылаған олардың шығармашылық жолы көпке үлгі боларына сенеміз. Олар басына түскен қиыншылықтарға мойыма түрлі  спорттық жарыстарға, мәдени және рухани іс-шараларға да қатысып жүлделі орындар иеленуде. Атап айтар болсақ, Арал аудандық мәдениет үйінде өткізілген  Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана отанымыздың жүрегі тәуелсіздігіміздің тірегі» атты хор топтары мен қол өнер, қылқалам шеберлерінің аудандық байқауында есепте тұратын Болат Сауытбаев II орынды иеленсе, Еркін Ибрашев III орынды  қанжығалады. Сонымен қатар,Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алу мақсатында «Арал аудандық орталық мешітінің» ұйымдастырылған «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеште сурет салу байқауы бойынша «Үздік суретші» аталымымен пробация қызметінің есбіндегі Болат Сауытбаев марапатталды.
Міне, Пробация қызметінің есебіндегілер осылайша қоғам өміріне биімделіп келеді. Бүгінде олар жасаған қателіктерінен  сабақ алып, отыз күн  ораза ұстап, ниетін түзеуде. Пробация қызметінің есебінде тұрған осы және өзге де азаматтардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты жандардың біріне айналарына берік сенім білдіреміз.
Е.Жарасов
Арал аудандық ПҚ-ның инспекторы
әділет  лейтенанты                                      
                           
30 мамыр 2018 ж. 1 503 0